2017 жылы жаңа тұрғын үй бағасы 1,3%-ға өсті - Жаңалықтар | BNews

2017 жылы жаңа тұрғын үй бағасы 1,3%-ға өсті

09 қаңтар, 15:28 890 Қазақстан жаңалықтары
2017 жылы жаңа тұрғын үй бағасы 1,3%-ға өсті

Ал пәтерді жалға алу құны 3,8%-ға өсті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2017 жылы елімізде тұрғын үй бағасының қалай өзгергенін жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

Комитеттің таратқан мәліметіне қарағанда 2017 жылы жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 1,3% өскен. Оның ішінде абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату - 1,6%, абаттандырылмаған - 0,8% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 3,8% жоғары болды.

Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау Астанада, Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар