2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды

14 қараша, 2018, 17:48 1891 Астана
2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды

Жарлық 2018 жылдың 14 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жастарды кешенді қолдау мақсатында қаулы етемін: 2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын", - делінген хабарламада.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді.

Аталған Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар