2019 жылы қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды

4 Декабря, 2018, 11:14 2493
2019 жылы қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды |  | BNews.kz

Бескүндік жұмыс аптасындағы демалыс күндер саны 120-ға жетіп отыр.

2019 жылы қазақстандықтар 120 күн демалады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Қазақстандықтар ең көп демалатын күндер наурыз айында - 14 күн, ал мамыр мен желтоқсанда 12 күннен демалатын болады. Қаңтарда ел тұрғындары - 11 күн, маусым мен тамызда - 10 күннен, шілде, қыркүйек және қарашада - 9 күннен, ақпан, сәуір және қазанда - 8 күннен демалады.

ҚР "Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып саналады.

Еске сала кетейік,  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мерекелер мына күндерi атап өтiледi: Жаңа жыл - 1-2 қаңтар; Халықаралық әйелдер күнi - 8 наурыз; Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз; Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi - 1 мамыр; Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр; Жеңiс күнi - 9 мамыр; Астана күні - 6 шілде; Қазақстан Республикасы Конституция күні - 30 тамыз; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні - 1 желтоқсан;  ұлттық мереке: Тәуелсіздік күні - 16-17 желтоқсан.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13931

Похожие новости