2020 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бойынша 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланған - Жаңалықтар | BNews

2020 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бойынша 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланған

04 желтоқсан, 17:27 1188
2020 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бойынша 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланған

2020 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 23 жобаны жүзеге асыру қарастырылған, деп хабарлайды ы BNews.kz Strategy2050.kz сілтеме жасап.

ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстан республикасының жалпыға ортақ қолданыстағы жолдарының ұзындығы 96,3 мың шақырым, оның ішінде республикалық маңызда - 23,9 мың шақырым, жергілікті маңыздағысы – 72,4 мың шақырым.

2010 жылдан бастап республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының шамамен 5 мың шақырымына қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде автомобиль жолдарының республикалық маңыздағысының 85% (2014 жылы – 84%) және облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың  65% (2015 жылы – 68%) жақсы немесе қанағаттандырарлық жағдайда.

Жалпы, 2015-2016 жылдары Қайта қалпына келтіру бағдарламасы аясында I және II техникалық санат бойынша 1,3 мың шақырым автожол қайта қалпына келтірілді.

2017-2020 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында 1,7 трлн теңгеге 23 жобаны жүзеге асыру қарастырылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары