21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

21 қаңтар, 2019, 09:21 1121
21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Қазақстанның барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, атомсфералық фроннтардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-батыста күн ашық болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі сақталады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейіп, күндіз бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтідеді. Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейеді. Алматы облысында түнде, Павлодар облысының кей жерлерінде  күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Алматы облысының  Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 30 м/с аса күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар