№2 Ақмола облыстық ауруханасында инсульт орталығы ашылды - Жаңалықтар | BNews

№2 Ақмола облыстық ауруханасында инсульт орталығы ашылды

13 қараша, 12:22 963 Ақмола облысы
№2 Ақмола облыстық ауруханасында инсульт орталығы ашылды

Астана қаласына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Мəлiк Мырзалин аталмыш орталық ашылған №2 Ақмола облыстық ауруханасының жұмысымен танысты.

Орталықты қажеттi медициналық құралдармен жабдықтау үшiн облыстық бюджеттен қаржы бөлiнген. Биыл 9 айда ауруханаға неврологиялық ауруға шалдыққан 233 науқас түскен. Оның 74-і инсультпен ауыратындар. Орталықта Астана маңындағы Целиноград, Астрахань, Аршалы, Ерейментау, Егiндiкөл, Қорғалжын жəне Шортанды аудандарының тұрғындары емделеді.

15 орынға арналған орталықтың қажеттi диагностикалық жабдығы, соның iшiнде дәрiгерлердiң инсульттың түрiн және емдеу тәсiлiн анықтай алуына көмектесетiн компьютерлiк томограф бар. Орталықта жұмыс iстеу үшiн анестезиолог-реаниматолог, невропатолог, терапевт, сәулелiк және функционалдық диагностика, физиотерапия және емдiк дене тәрбиесi дәрiгерлерi оқытудан өттi. Емделушiлердi оңалту үшiн құрамында емдiк дене тәрбиесi, логопед, психолог дәрiгер және нұсқаушы бар ерекше көпсалалы бригада құрылған.

Жаңа орталықтың ашылуына орай емделушiлер шұғыл түрде қажеттi көмек ала алады. Науқастарды қалыпқа келтiру де орталықтағы маңызды фактор болады, оны ауру басталғаннан кейiн үшiншi, бесiншi күн аралығында өткiзедi. Орталық 11 қарашадан бастап бiрiншi емделушiлерiн қабылдауда.

Айта кетейiк, бұл облыста ашылып отырған 3-шi инсульт орталығы. Осындай орталық Көкшетаудағы Ақмола облыстық ауруханасы жəне Степногор қаласының орталық ауруханасында жұмыс iстейдi. Оған қоса, жыл соңына дейiн Атбасар қаласында ашу жоспарланған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар