Қызылордада 300-ден астам адам тегін құқықтық кеңес алды

03 желтоқсан, 2018, 12:47 1733 Қызылорда облысы
Қызылордада 300-ден астам адам тегін құқықтық кеңес алды

Олардың басым бөлігі тұрғын үй, коммуналдық, қоғамдық көлік және еңбек қатынастары мәселелері бойынша заңгерлердің көмегіне жүгінді.

Қызылорда қаласында өткен "Халықтық заңгер" жалпыреспубликалық акциясында 42 заңгер 300-ден аса тұрғынға тегін құқықтық көмек көрсетті, деп хабарлайды BNews.kz Қызылорда облысы бойынша МҚІСЖҚА департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілді.

"Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек ұсыну болып табылады. Акцияға қатысушы үздік адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, медиаторлар, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарға құқықтық кеңес беруге атсалысты", - деді департаменттің басқарма басшысы Бағдат Ізкенов.

Акция барысында қызылордалықтардың басым бөлігі тұрғын үй, коммуналдық, қоғамдық көлік және еңбек қатынастары мәселелері бойынша заңгерлердің көмегіне жүгінді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар