500-ден астам астаналық интернет алаяқтардан зардап шекті - Жаңалықтар | BNews

500-ден астам астаналық интернет алаяқтардан зардап шекті

03 қаңтар, 15:53 1870 Астана
500-ден астам астаналық интернет алаяқтардан зардап шекті

Алаяқтардың көбі Қазақстан мен Ресей және шекаралас республикалардың тұрғындары, деп хабарлайды BNews.kz  елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Астана қаласының ІІД жоқ тауар мен өнімді сатумен айналысатын интернет алаяқтардың көбейгенін хабарлады.

ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Талғат Бөлегеновтің айтуынша алаяқтар жоспарын түрлі тауарды өте төмен бағамен ұсыну арқылы жүзеге асырады. 

«Сатып алу барысында сатып алушы тауардың ақшасын 100% көлемде QIWI-әмиянға аударады. Ақша аударылымы жүзеге асырылған соң сатушы ақшамен қоса жоқ болып кетеді. Әрі әлеуметтік желідегі аккаунтты өшіріп тастайды», - дейді Бөлегенов.

Тәртіп сақшыларының айтуынша алаяқтар QIWI-әмиянды тіркеу үшін жеке басын куәландыратын құжатты қажет етпейдіктен пайдаланады. Бұл тәртіп сақшыларының жұмысын қиындатып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары