"7-20-25" үлгісі бойынша автонесиелендіруді екінші жарты жылдықта іске қосу жоспарлануда

5 Февраля, 2019, 11:56 1781
"7-20-25" үлгісі бойынша автонесиелендіруді екінші жарты жылдықта іске қосу жоспарлануда |  | BNews.kz

Бағдарлама нарықтық қағидаларға негізделе отырып жасалады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан Ұлттық банкі қаржы секторын қалыпқа келтіру саясатын, қадағалау бойынша үздік халықаралық практиканы, оның ішінде тәуекелге бағдарланған негізде енгізуді жалғастырады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы бұл бағыттағы маңызды шаралардың бірі кепілді кредиторлардың абсолютті басымдығы бойынша заңнамалық түзетулер болып табылатындығын, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға бұл түзетулерді қабылдаудың маңыздылығын айтты.

"Бұл кредиторлардың кәсіпорындар банкроттығына мүдделілігін арттыруға, нақты секторды қалыпқа келтіруге, экономикалық айналымға кепіл мүлкін тартуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ол.

Данияр Ақышев хабарлағандай, 2019 жылы Қазақстан Ұлттық банкі банк активтерінің сапасын жан-жақты бағалау бойынша дайындық жұмысын бастайды, қаржы реттеушісі бұл мәселелерді банктермен талқылай бастады.

Данияр Ақышев сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық банктің "7-20-25" бағдарламасының үлгісімен Қазақстан азаматтарының отандық автокөліктер сатып алуына несие беру бағдарламасын жедел әзірлеуге дайын екендігін атап өтті.

"Бұл ұсынысты мүдделі мемлекеттік органдармен және банктермен ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта жан-жақты пысықтауға және бағдарламаны екінші жартыжылдықта іске қосуға дайынбыз", - деп атап өтті ол.

Сөз соңында Ұлттық банк басшысы экономикадағы көлеңкелі айналыммен күрес шеңберінде қолма-қол ақшаны пайдалануды шектеу және қолма-қол ақшасыз айналымды кеңейту бойынша қажетті шараларды талқылауға дайын екендіктерін айтты.

Еске сала кетейік, 30 қаңтарда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев 2019 жылы Ұлттық банк отандық өндірістегі автомобильдерді сатып алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасын тез арада әзірлеп, қаржыландыруға дайын екенін мәлімдеді және "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасына ұқсас автонесиелеу бағдарламасын дайындауды ұсынды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13849

Похожие новости