8 тонна жұмсақ ойыншықты шекарадан алып өтпек болған азамат ұсталды - Жаңалықтар | BNews

8 тонна жұмсақ ойыншықты шекарадан алып өтпек болған азамат ұсталды

08 қаңтар, 18:21 1089 Қазақстан жаңалықтары
8 тонна жұмсақ ойыншықты шекарадан алып өтпек болған азамат ұсталды

Қазақстан-Ресей шекарасында халық тұтынатын тауарлар мен жұмсақ ойыншықтардың ірі көлемін шетелге алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды  BNews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай шекара отрядының «Қайрақ авто» өткізу бекетінің шекарашылары бір тәулік ішінде 18 тонна халық тұтынатын тауар мен 8 тонна жұмсақ ойыншықты алып өтпекші болғандарға тосқауыл жасады.

«Халық тұтынатын тауарлар Қазақстаннан Ресейге бағыт алған "Мерседес" жүк көлігінің ішінен табылды. Аталған көліктің жүргізушісі - 60 жастағы қазақстандық азамат. Осы күні еш құжатсыз жұмсақ ойыншықтарды шекарадан алып өтпек болған 37 жастағы тағы бір Қазақстан азаматы ұсталды. Ол да «Скания» ауыр жүк көлігімен Қазақстаннан Ресейге бағыт алған болатын», - делінген хабарламада.

Аталған жайттарға қатысты құқық қорғау органдары хабарландырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары