Абаев Электр байланысын дамытуға арналған бүкіләлемдік конференцияға қатысты

09 қазан, 2017, 17:15 1353
Абаев Электр байланысын дамытуға арналған бүкіләлемдік конференцияға қатысты

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Буэнос-Айрестегі жұмыс сапарында Электр байланысын дамытуға байланысты бүкіләлемдік конференция шеңберінде екіжақты кездесулер өткізді.

2017 жылғы 8 қазанда Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Х. Джаомен кездесті. Кездесуде Қазақстанның ауылдық елді мекендерін оптикалық-талшықты желілермен қамту мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, Д. Абаев Жапонияның Ішкі істер және коммуникациялар министрлігінің Үйлестіру және халықаралық байланыс жөніндегі Вице-министрі Масахиро Томинагамен кездесті. Екіжақты кездесу барысында ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым және интернеттегі заңсыз контентке қарсы тұру мәселелері талқыланды.

Екіжақты кездесу барысында: «Жапония бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту саласында мол тәжірибесі бар елдің бірі. Әсіресе бізді Жапонияның осы саладағы заңнамасын дамыту жолдары қызықтырады. Бүгін Жапонияның телеконтенті әлемде АҚШ-тан соң 2-ші орында тұр. Сондай-ақ біз, Жапонияның цифрлық хабар тарату саласындағы тәжірибесімен де танысқымыз келеді., - деді министр Д. Абаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!