Абаев мемқызметкерлердің  смартфондарды пайдалануы туралы пікір білдірді

02 мамыр, 2018, 20:08 1658 Астана
Абаев мемқызметкерлердің  смартфондарды пайдалануы туралы пікір білдірді

Әртүрлі жолдарын қарастырудамыз, әзірше нақты шешімге келген жоқпыз, деп атап өтті министр.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметшілердің смартфонды пайдалану мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды BNews.kz.

"Негізі, бұл мәселе мемлекеттік қызметшілерге смартфонды пайдалануға тыйым салынған күннен бастап талқыланып келеді. Қазіргі кезде біз барлық ұсыныстарды сараптап жатырмыз. Дәл қазір нақты әрі мінсіз бір шешімге келген жоқпыз. Бірақ бірнеше жолы пысықталуда. Меніңше, жақын арада біз ол жайында xабарлайтын боламыз", - деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, министр бұл жағдайда ақпараттық теxнологиялар мен қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтау керектігін атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар