Абаев Smart city жобасының жүзеге асырылу барысын баяндады

17 шілде, 2018, 18:15 2206 Астана
Абаев Smart city жобасының жүзеге асырылу барысын баяндады

Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде медициналық, ақпараттық жүйелер, электронды күнделіктер барлық аймақтарда енгізілді.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Smart city жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша Үкімет отырысында есеп берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Министр барлық 16 өңір әкімдіктерінде цифрландыру кеңселері құрылып, әкім орынбасарлары жетекшілікке тағайындалғанын атап өтті. Арнайы құрылған цифрландыру штабы жобаларды үйлестірумен айналысады және апта сайын Smart city жобасына мониторинг жүргізіліп отырады.

"Қазірдің өзінде медициналық, ақпараттық жүйелер, электронды күнделіктер немесе мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезекке қою жүйелері барлық аймақтарда енгізілді. Павлодар облысының білім беру саласында онлайн журнал мен күнделіктерді іске қосу арқылы оқушылардың оқу үлгерімі 3%-ке өсті. Шығыс Қазақстан облысында аудан орталықтарынан тыс орналасқан 67 дәрігерлік амбулаторияларды және фельдшерлік-акушерлік орындарды интернет желісіне қосу арқылы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің үлесі 93%-ке артты. Ал БҚО-да алғашқы медициналық көмек көрсетуге кететін уақыт қысқарды. Атап айтқанда, жедел жәрдемді басқару жүйелері енгізілді", - деді Абаев.

Сондай-ақ, есеп беру барысында технологияларды енгізу аясында Астанада көше жарығына қызмет көрсету шығындары 30%-ке қысқарғанын, ал энергия қорларын 60%-ке төмендегені айтылды.

"Жүйенің өзі электр энергиясын қажеттілігіне байланысты автоматты түрде берілуін реттейді. Қаланың пилоттық ауданында жасыл технологияларды тәжірибелік түрде сынау шеңберінде Ақтөбе облысы энергияның балама көздерін қолдану есебінен энергия тұтыну көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізді. Шымкент қаласы жол-көлік оқиғаларын, фото-бейне түсіру жүйесін енгізу аясында жол жүру ережелерін бұзу жағдайлары 17%-ке азайған. Ал Алматы облысындағы Қорғас бекетінде адамның келбетін тану жүйесіне алғаш сынақ жүргізгенде-ақ, іздеу шараларына жұмсалатын уақыт 15%-ке дейін азаяды деп күтілуде. Алматыда қалалық көлік қою орындарының төлем жүргізу қызметін тек 17 проценті көлік қою орындарында іске асырылады, бюджет түсімдері алты есе өскен", - деді министр.

Сондай-ақ, есеп беру барысында министр қала мен ауыл оқушылары арасындағы білім алшақтығы азайғанын атап өтті.

"Өңірлердің барлығы ақылды қала жасауға негіз болатын сервистерді жасауда кең ауқымды жұмыс жасап жатыр. Бағдарламаны қамтамасыз етуге отандық өндірушілер өңірлерді цифрландыруға белсенді атсалысып отыр. Осы арқылы ішкі және халықаралық бәсекелестікке қабілет артты. Медицина саласында 22 медициналық ақпараттық жүйе бар. Ал білім беру саласында 16 мердігер өзара бәсекелесіп, ел тұрғындарына көптеген сервистер мен мүмкіндіктерді ай сайын ұсынып отыр. Елімізде бизнестің дамуына осы цифрландыру оң әсер етіп жатыр", - деді Абаев.

Дәурен Абаев барлық аймақта цифрландыру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Мектептердің 87%-інде интернетке қолжетімді. Қала мен ауыл оқушылары арасындағы білім алшақтығы шамамен 30%-ке азайды. Мемлекеттік қызметкер оңтайландырылды және автоматтандырылды. Электронды медицина картасын қолдану және қағаз нұсқасынан бас тарту аясында медицина карталарын жоғалту факторы толық жойылды. Жол жүру ақысын төлеудің айқын процесін жасау арқылы қоғамдық көлікті қолдану саны 20%-ке артты", - деді министр.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметтер оңтайландырылып, автоматтандырылды. Электронды медициналық картаны қолдану және қағаз нұсқасынан бас тарту аясында медициналық карталарды жоғалту факторы толық жойылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: