Әбдіқалықова жаңа отандастарымыздың еліміздің дамуына өз үлесін қосатынына сенім білдірді

22 қараша, 2018, 09:57 1286
Әбдіқалықова жаңа отандастарымыздың еліміздің дамуына өз үлесін қосатынына сенім білдірді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің азаматтығын алған жаңа отандастарымызға бақ-береке мен табыс тіледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Комиссияның кезекті отырысында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздік жылдарында 1 миллионнан астам адам біздің елдің азаматтығын алғанын айтты.

Гүлшара Әбдіқалықова осынша адамның азаматтық алуы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы басшылығының және биылғы жолдауда айтылғандай, "экономикасы қарқынды дамып келе жатқан прогрессивті заманауи мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуіміздің" арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

"Гүлшара Әбдіқалықова Тұңғыш Президент күні қарсаңында жаңа отандастарымызға бақ-береке мен табыс тілеп, олардың егемен еліміздің дамуына өз үлес қосатынына сенім білдірді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жиында Ішкі істер министрлігінің азаматтық мәселелер жөніндегі жұмысының нәтижелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылдады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!