Әбләзов құрған қозғалыс экстремистік деп танылды – Бас прокуратура - Жаңалықтар | BNews

Әбләзов құрған қозғалыс экстремистік деп танылды – Бас прокуратура

13 наурыз, 2018, 14:19 1897 Астана
Әбләзов құрған қозғалыс экстремистік деп танылды – Бас прокуратура

Қозғалыс басшысы Мұхтар Әбләзов пен оның белсенділерінің қылмыстық мақсаты – билікті құлатып, басып алу.

Бүгін Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен Мұхтар Әбләзов басқарған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" атты тіркелмеген қозғалыс экстремистік деп, ал Әбләзовтің өзі саяси экстремист деп танылғаны туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бас прокуратурамен "Қазақстанның демократиялық таңдауы" атты тіркелмеген қозғалыстың заңсыз қызметі анықталды. Оны Қазақстанда 20 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Мұхтар Әбләзов құрған. Мұхтар Әбләзовті сот қылмыстық қоғамдастықты құрғаны, 7,5 млрд АҚШ долларын ұрлап, шетелге шығарғаны үшін кінәлі деп таныды. Қылмыстық табыстарды заңдастыру фактілері бойынша бірқатар еуропалық елдерде Әбләзовке қатысты тергеу жүргізілуде", - деді Оксана Лоскутова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Ол Ұлыбританияда Лондон қаласының Жоғарғы сотының шешімімен Әбләзов пен оның сыбайластарынан 4 млрд АҚШ доллары өндірілгенін, сондай-ақ шетелде сот жазасынан жасырынып, Мұхтар Әбләзов ҚР Конституциясының талаптарын бұзып, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді насихаттау мен үгіттеу бойынша заңсыз әрекетін жалғастырып жатқанын еске салды.

Интеренет желілер, месенджерлер, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік топқа парақшалар тарату арқылы Әбләзов белсенді түрде Қазақстанның азаматтарын қозғалысқа қосылуға шақырып жүр, сондай-ақ қазіргі биліктің жағымсыз бейнесін құрып, қоғамда наразылық көңіл-күй қалыптастыруда.

Осылайша, жоспарлы түрде әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруда.

Наразылық акциялардың бейбітшілігі туралы айтса да қозғалыс басшысы Мұхтар Әбләзов пен оның белсенділерінің қылмыстық мақсаты – билікті құлатып, басып алу болып табылады.

Бұл әрекеттер "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Заң бойынша саяси экстремизм болып саналады және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс ретінде қудаланады. 

"Осыған байланысты, Бас прокуратура "Прокуратура туралы" Заңмен көзделген өкілеттіктерін іске асырып, сотқа қозғалысты экстремистік ұйым деп тану туралы арызбен жүгінді. 2018 жылғы 13 наурызда Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен аталған арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Сот қозғалыстың әрекеті экстремистік деп танып, оған Қазақстан Республикасының барлық аумағында тыйым салынды. Сонымен қатар, бұл ұйымның әрекетін ақпараттық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, әлеуметтік желілері, мессенджерлер және бейне-хостингтер арқылы таратуға тыйым салынды", - деді Бас прокуратураның ресми өкілі.

Бұдан басқа, әлеуметтік алауыздықты қоздыру, билікті басып алуды насихаттау және оған жария түрде шақыру фактілері бойынша ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

"Бас прокуратура сот шешімінен кейін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының әрекетіне кез келген қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405 баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреді. "Қозғалысқа қатысу" әрекетіне қозғалыстың идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады. Сонымен қатар, "қозғалысқа қатысу әрекеті" болып қозғалысты және оның басшысы Әбләзовті қолдауда митингілерді, шерулерді, жария акцияларын және басқа жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу саналады. "Қаржыландыру" ұғымына Әбләзов пен қозғалысқа ақша, өзге де мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, демеушілік және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жатады. Сонымен қатар, істегі заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам,  қылмыстық жауаптылықтан босатылады", - деп түсіндірді Лоскутова.

Еске сала кетейік, 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отырған Мұратхан Тоқмәдиге қатысты өтіп жатқан сот отырысы Таразда 16 ақпанда басталды. Айыпталушы Мұхтар Әбләзовтің қоқан-лоқы көрсетуімен қылмыстық істі жасағанын мойындады.

Сонымен қатар, 12 наурызда ҚР ҰҚК-ның бұрынғы басшысы, сотталған Нартай Дүтпаев Мұратхан Тоқмәдидің ісі бойынша жүргізіліп жатқан сотта куә ретінде жауап берді. Куәгерден Астана қаласы Есіл ауданы №2 сотында бейнеконференция тәсілімен сұрақ алынды. Дүтбаев Мұхтар Әбләзовтің сұрауы бойынша 2004 жылы Ержан Тәтішевтің телефонын тыңдауға нұсқау бергенін растады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар