Әбләзов танымал француз газеті арқылы Астанаға жауап алу үшін шақыртылды - Жаңалықтар | BNews

Әбләзов танымал француз газеті арқылы Астанаға жауап алу үшін шақыртылды

06 тамыз, 18:38 1630
Әбләзов танымал француз газеті арқылы Астанаға жауап алу үшін шақыртылды

Мұхтар Әбләзовтен жауап алу үшін шақыртылғаны туралы басылым бетіндегі хабарлама суреті әлеуметтік желілерде таратылды.

Мұхтар Әбләзов Францияның танымал Le FIGARO газеті арқылы Астанаға жауап алу үшін шақыртылды, деп хабарлайды BNews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы өзінің ресми сайтында Мұхтар Әбләзовті "БанкТұранӘлем" АҚ бұрыңғы Басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті қасқана өлтіруді ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу әрекеттеріне қатысу үшін прокуратураға келу туралы хабарландыруды орналастырды. 

"Қазақстан Республикасы аумағынан тыс болуына және келуден жалтаруына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 205-бабы 3-бөлігіне сай күдіктіні жауап алуға шақыру туралы хабарландыруды күдіктінің орналасқан жеріндегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайтындығын еске сала кеткен жөн", - делінген хабарламада.

2018 жылдың 3 шілдесінде "Le FIGARO" атты француздық басылымда Әбләзов мырзаға 2018 жылғы 16 тамызда сағат 15:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жауап беру үшін бару қажеттілігі жарияланған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары