«Абу Даби Плаза» жатақханасынан өрт шықты - Жаңалықтар | BNews

«Абу Даби Плаза» жатақханасынан өрт шықты

14 қараша, 16:27 1421 Астана
«Абу Даби Плаза» жатақханасынан өрт шықты

Өрт сөндірушілерге сағат 14:39-да шұғыл қоңырау соғылды.

«Абу-Даби Плаза» жатақханасындағы өрт ауыздықталды. Өрт шалған аумақ көлемі 50 шаршы метрді құрайды. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитететтің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Өрт сөндірушілердің жедел қимылы арқасында жалын ошағы анықталды. Белгілі болғандай ас әзірлеу бөлмесінде үй тұрмысына қажет техника мен жиһаз өртке оранған. Аумағы шамамен 50 шаршы метр», - деді Руслан Иманқұлов.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына тез арада жетіп, қызыл жалынды 18 минут көлемінде ауыздықтаған. 

Иманқұловтың айтуынша оқиға орнына үш техника,  №16 мамандандырылған өрт сөндірушілер бөлімшесінің 15 адамы жұмылдырылған. 

«Қазіргі уақытта  өрт сөндірілді. Ешқандай қауіп-қатер жоқ», - деді Руслан Иманқұлов.

Видео: әлеуметтік желі қолданушысы

Айта кетейік, бүгін «Абу Даби Плаза» жатақханасының ас әзірлеу бөлмесінен түтін шығып, төтенше оқиға орын алған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар