«Абу-Даби Плазадағы» жағдайдан соң 61 үндістандық елден шығарылады - Жаңалықтар | BNews

«Абу-Даби Плазадағы» жағдайдан соң 61 үндістандық елден шығарылады

08 қыркүйек, 16:25 465 Астана
 «Абу-Даби Плазадағы» жағдайдан соң 61 үндістандық елден шығарылады

Астана қаласының басшылығы ҚР-дағы БАӘ Төтенше және Өкілетті елшісі және «Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығымен («Абу-Даби Плаза» кешенінің бас мердігері) кездесті, деп хабарлайды Вnews.kz қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу 2017 жылдың 2 қыркүйек күні «Абу-даби Плаза» құрылыс алаңындағы бақылау-өткізу пунктінде орын алған жағдайға қатысты болды.

«Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығы алдағы күндері 61 шетелдік жұмысшы (Үндістан азаматтары) «Абу-Даби плаза»құрылыс алаңында тәртіп пен қоғамдық жағдайды бұзғаны үшін елден шығарылады, оның ішінде 23 адам бір тәулікте отанына оралады деп хабарлады.

Әңгіме барысында қала басшылығы мұндай жағдайдың қайталанбауын ескертті және шетелдіктерден Қазақстан Республикасының Заңына бағынып, моральдық-әдеп тәртібі нормаларын сақтауды, сондай-ақ Қазақстан халқының салтына сыйластықпен қарауды талап етті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!