Әділбек Жақсыбеков зейнетке шықты

10 қыркүйек, 2018, 18:43 2359
Әділбек Жақсыбеков зейнетке шықты

Сәйкесінше Жарлыққа Нұрсұлтан Назарбаев 10 қыркүйекте қол қойды.

Әділбек Жақсыбеков ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды BNews.kz. Ақорданың ресми сайтының мәліметінше, мұндай шешім оның зейнеткерлік жасқа толуына байланысты шығарылды.

"Мемелекет басшысының Жарлықтарымен: Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен; Бағдат Құлтайұлы Әміреев басқа жұмысқа ауысуына байланыста Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Әділбек Жақсыбеков 2016 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. Ол 2014 жылдың 22 қазанында Астана әкімі болып тағайындалған, түрлі жылдарда мемлекеттік хатшы, ҚР Қорғаныс министрі, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшісі қызметін атқарған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне Астана қаласының бұрынғы әкімі Әсет Исекешев тағайындалды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #қызметтен босату #жарлық #қол қою

Читайте также

Похожие новости