Айыбымды мойындаймын және қашып кеткенімді қате деп есептеймін – Тоқмәди - Жаңалықтар | BNews

Айыбымды мойындаймын және қашып кеткенімді қате деп есептеймін – Тоқмәди

09 наурыз, 2018, 15:57 1125 Жамбыл облысы
Айыбымды мойындаймын және қашып кеткенімді қате деп есептеймін – Тоқмәди

Арнайы қызметтегілер кеше күзеттен қашып кетуге талпынған Мұратхан Тоқмәдидің айыбын мойындаған бейнежазбасын жариялады.

Айыпталушы Мұратхан Тоқмәди өзінің қашып кетуге талпынғана пікір білдірді. Бейнежазба ҚР ҰҚК сайтында жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Өзімді жақсы сезінемін, денсаулығыма шағымданбаймын. Әбләзовтің тапсырысы бойынша 2004 жылы Ержан Тәтішевті өлтіргенім үшін қылмыстық жазаға тартылып отырмын. Сотта растағанымдай, өз айыбымды мойындаймын. Өзіме шығарылатын үкімді күтіп жатып, 8 наурызда қашып кетуге тырыстым. Алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мені қолға түсіріп, тергеу изоляторына қамады. Айыбымды мойындаймын және мұны қате деп есептеймін", - деді Тоқмәди.

Еске салсақ, 8 наурыз күні Мұратхан Тоқмәди Тараз қаласындағы ауруханадан қашып кеткен болатын. Денсаулығына байланысты шағымданғандықтан, ол ауруханаға жатқызылған. Тоқмәдиді қолға түсіріп, Жамбыл облыстық ІІД-нің тергеу изоляторына) қамауға алды. Оның неліктен және қалай қашып кеткендігі тексеріліп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Таразда Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Кәсіпкер, "КазСтройСтекло" компаниясының директоры 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 96-баптың 2-тармағының "ж", "з" пунктерi (алдын ала келiсiп, топпен қасақана адам өлтiру) бойынша айыпталып отыр.

Айыпталушы айыбын толық мойындап, Мұхтар Әбләзовтің тапсырысы бойынша қылмыстық істі жасағанын хабарлаған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар