Айқынды тыңдау үшін түнгі клубқа Майк Тайсонның өзі келді - Жаңалықтар | BNews

Айқынды тыңдау үшін түнгі клубқа Майк Тайсонның өзі келді

04 желтоқсан, 2017, 17:11 1339 Алматы
Айқынды тыңдау үшін түнгі клубқа Майк Тайсонның өзі келді

Алматыда өткен Synergy Global Forum шарасына арнайы келген әйгілі боксшы Майк Тайсон қаладағы түнгі клубтардың бірінде қонақ болды, деп хабарлайды BNews.kz Аktobenews.kz-ке сілтеме жасап.

Іnstagram желісіндегі Ztb_video парақшасында боксшыны жан-жақтан қоршап, жібермей жатқан адамдардың видеосы жарияланды.

«Қазақтар Майкты көріп, есеңгіреп қалған. Айқынның өнерін тамашалау үшін «Aura бар»-ға Майк Тайсонның өзі келді», - деп жазады видео авторы.

Мұны көрген желі қолданушылары болса әлемдік бокс жұлдызын көріп, өз-өздерін ұстай алмаған адамдарды сынға алды.

Пікір қалдырушылардың арасында Тайсонмен суретке түсуге тырысқан жандарды қолдағандар да бар. Олардың ойынша, мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаған дұрыс.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар