АИТВ инфекциясын Алматының кәсіпорындарында тексеру ұсынылуда - Жаңалықтар | BNews

АИТВ инфекциясын Алматының кәсіпорындарында тексеру ұсынылуда

12 ақпан, 13:16 852 Алматы
АИТВ инфекциясын Алматының кәсіпорындарында тексеру ұсынылуда

Жеке компаниялардың қызметкерлері жұмыс орнында анонимді түрде тексеруден өтіп, нәтижесін ала алады.

АИТВ инфекциясының бизнеске әсерінің жоқтығы туралы білім насихаттау мақсатында, Алматы қалалық "ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының" медицина қызметкерлері қаланың еңбек ұжымдарына барып, жұмыскерлерді тексеруден өткізіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz Орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өзіңнің АИТВ дәрежеңді біл" акциясы аясында Алматы қалалық ЖИТС орталығының дәрігерлері компаниялар мен кәсіпорындар қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының бизнеске әсерінің жоқтығына назар аударта отырып, оның жұғу жолдары мен қорғану шаралары жайында ақпарат беріп жүр. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар еңбек ұжымдарының өзге мүшелері секілді стигмалауға және кемсітушілікке ұшырамауы тиіс", - делінген Орталықтың хабарламасында.

Акция барысында барлық ниет білдіруші АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтіп және мамандардан кеңес ала алады. Медицина қызметкерлері аталған шараларды ақысыз 15 минут ішінде  құпия  түрде жасайды және тексерілушінің қалауы бойынша анонимді түрде нәтижесін хабарлайды.

Акцияға "LG Electronics Kazakhstan" АҚ және "Алатау Жарық" АҚ компаниясының басшылары мен қызметкерлері  белсенді түрде атсалысты. Адам саны 130-дан асты. Жақын күндерде "Рахат" АҚ кондитерлік фабрикасы және КАМАЗ-орталығы  секілді өзге де бизнес-құрылымдары акцияға қосылуға ниет білдірді.

Алматы қалалық "ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының" бас дәрігері Марат Төкеев келесі айда елімізде жыл сайынғы Дүниежүзілік экономикалық форумның сауалнамасы өтетінін мәлімдеді.

"Бизнес-құрылымдарына акция – өте өзекті шара. Наурыз айында елімізде сауалнама жүргізу арқылы бизнес-құрылымдардың өкілдеріне АИТВ-ның бизнеске тигізетін ықпалы жөнінде жыл сайынғы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) сауалнамасы өтеді. Қатысушылар қатарында кішігірім, орта, көлемді бизнес өкілдері болады. ДЭФ сауалнаманың қорытындысы бойынша халықтың Қазақстандағы АИТВ жөніндегі сауаттылығын және таралу жолын білу деңгейі бағаланатын болады", - деп айтып өтті Марат Төкеев.

Сондай-ақ, ол бизнес-басшылармен АИТВ жұқпасының бизнеске қауіпті ықпалының жоқтығын объективті бағалау елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеруге және инвестициялық тартымдылығына ықпал ететінін айтты.

Бүгінгі таңда АИТВ жұқпасы туралы, таралуы іс-әрекеттерден тәуелді болып табылатын, созылмалы инфекциялық аурулары секілді айту керек. Сондықтан, АИТВ жұқпасының таралу жолдарын білу деңгейін көтеру, шынайы ақпаратты игеру, АИТВ жұқпасының бизнеске әсерінің жоқ екенін түсіну және соның салдарынан барлық деңгейдегі бизнес-құрылымдардың басшылары арасындағы АӨА-ға қатысты стигманың төмендеуі өте өзекті болып табылатынына медицина қызметкерлері сенімді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары