Ақ Олимпиададан алғашқы жүлдеміз қоржында - Жаңалықтар | BNews

Ақ Олимпиададан алғашқы жүлдеміз қоржында

11 ақпан, 19:54 967
Ақ Олимпиададан алғашқы жүлдеміз қоржында

Фристайл жарысының финалында алты ойыншы бақ сынасып, отандасымыз Юлия Галышева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтіп жатқан Олимпиада-2018 ойындарында бүгін 19.30-да аяқталған фристайл жарысында қазақстандық спортшы Юлия Галышева тарихи жеңіске жетті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, спортшыларымыз Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков могулдан финалға жолдама алған болатын. 

Айта кетейік, бірінші орынды Франция елінен келген спортшы иемденсе, екінші орынға канадалық жайғасты. Ал отандасымыз Юлия Галышева болса, үшінші орынға қол жеткізді.

Бұған дейін Юлия Галышева халықаралық жарыстарда әлемдік кубоктарда алғашқы орындардан көрінген болатын. 

Еске сала кетейік, 2014 жылғы Сочи олимпиадасында Юлия Галышеваның жүлдегер атануына аз қалған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

Материалды әзірлегендер: