Ақышев "7-20-25" аясында пәтер алу үшін азаматтардың кірісі қандай болуы керек екенін айтты

Написать нам
16 қазан, 2018, 14:49 2337 Астана
Ақышев

Сондай-ақ,  Ұлттық Банк төрағасы қазіргі уақытта қарыз алуға 42 млрд теңге сомасындағы 3539 өтінім келіп түскенін атап өтті.

Бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасы Данияр Ақышев Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі – "7-20-25" бағдарламасы бойынша құны 10 млн теңге болатын пәтерді сатып алу үшін 2 млн теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет екенін түсіндірді. Бұл кезде ай сайынғы төлем 57 мың теңге болады, тиісінше банктің мақұлдауын алу үшін азаматтың ай сайынғы кірісі шамамен 120 мың теңге болуы керек екен. Себебі несие бойынша борыш көлемі кірістің жартысынан аспауға тиіс деген ереже бар, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Сонымен қатар, ол аталған бағдарлама бойынша қандай банктер өтінім қабылдап жатқанын айтты. Қазіргі уақытта 7 банк "7-20-25" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауда, олар: Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Цеснабанк, Банк RBK, Еуразиялық Банк, Халық банкі және ForteBank.

Ұлттық Банк төрағасының мәліметінше, қазіргі таңда бағдарлама аясында қарыз алуға 42 млрд теңге сомасындағы 3539 өтінім келіп түскен, оның 28 млрд теңге сомасындағы 2352 өтінім мақұлданған.

Ол сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасын жылдам бастап, іске асырудың маңызды екенін атап өтті.

"Қысқа мерзім ішінде қажетті инфрақұрылым құрылды, ақпараттық кампания кеңейтілді, банктермен және халықпен белсенді түрде жұмыс жүріп жатыр. Тиімділікті арттыру үшін қыркүйекте біз Бағдарламаға өзгерістер енгіздік. Шымкент қаласы және Астана мен Алматы қалаларының қала маңындағы аймақтары сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңге мөлшеріндегі өңірлерге жатқызылды. Әкімдіктер және құрылыс инвесторлары іске асыратын жылжымайтын тұрғын үй нысандары есебінен бастапқы баспана ұғымы кеңейтілді", - деді Ұлттық Банк төрағасы.

Оның айтуынша, Баспана ұсынысын ынталандыру шаралары енгізілді. "Баспана" ипотекалық ұйымының жергілікті атқарушы органдардың теңгемен облигацияларын баспана салу үшін нарықтық мөлшерлемемен сатып алу тетігі көзделген.

"Халықтың төлем жасауға қабілетті болуы бағдарламаны сәтті іске асыру факторларының бірі болып табылады және оны одан әрі ынталандыру үшін Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен шаралары қажет", - дейді Данияр Ақышев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: