Ақышев "7-20-25" бағдарламасына ұқсас автонесиелеу бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

30 қаңтар, 2019, 12:14 1732
Ақышев

Бұл бастама отандық өндірушіні ынталандыруға бағытталған.

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев 2019 жылы Ұлттық банк отандық өндірістегі автомобильдерді сатып алуға жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын тез арада әзірлеп, қаржыландыруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Данияр Ақышев мәлімдеді.

"Бағдарлама "7-20-25" бағдарламасының үлгісі бойынша және оның инфрақұрылымы негізінде кредиттерді секьюритилендіру тетігі бар банктер арқылы құрылатын болады. Автомобиль жасау өндірісі де - құрылыс сияқты, жоғары технологиялы капиталды қажет ететін сала және экономика үшін үлкен мультипликативті әсері бар", - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Данияр Ақышев #несие беру

Читайте также

Похожие новости