Ақмола облысы кеңселерінің бірінде жанармай талондары ұрланды - Жаңалықтар | BNews

Ақмола облысы кеңселерінің бірінде жанармай талондары ұрланды

09 қараша, 2017, 18:09 1913 Ақмола облысы
Ақмола облысы кеңселерінің бірінде жанармай талондары ұрланды

Жалпы материалдық шығын көлемі 900 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды BNews.kz. Ақмола облысы ІІД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыскерлер пластик терезені ашып, жеке мекемедегі 36 жасар кеңсе қызметкерінің бөлмесіне еніп, «Lenovo», «НР» маркалы екі ноутбукті, ішінде 7000 теңгесі бар темір сейфті және АИ-92 жанармайы мен дизель отынының талондарын қолды қылған. Шығын көлемі 900 000 теңгеге бағаланып отыр.  

Жедел іздестіру қимылдарынан кейін полиция қызметкерлері Еңбекшілдер ауданының 23 жасар және Щучья қаласының 21 жасар тұрғынын құрықтады. Олар ұрланған талондарды үшінші біреулерге өткізіп үлгеріпті.

Полиция қызметкерлері сол талондарды сатып алған адамдарды тексеру арқылы қылмыскерлердің ізіне түскен. Көп ұзамай тәртіп бұзушылар ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олар жасаған қылмыстарын бірден мойындады. Ұрланған мүліктің бір бөлігі иесіне қайтарылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар