Ақмола облысында азық-түлік бағасының неге қымбаттағыны белгілі болды - Жаңалықтар | BNews

Ақмола облысында азық-түлік бағасының неге қымбаттағыны белгілі болды

11 қазан, 11:05 1826 Ақмола облысы
Ақмола облысында азық-түлік бағасының неге қымбаттағыны белгілі болды

Осы жылдың басынан бері Ақмола облысында ең жиі тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасы бірақ көтерілген. Кәсіпкер және өнеркәсіп басқармасының өкілдері журналистер алдына шығып, өзекті тақырыпқа жауап берді. Ақмола облысының Аймақтық коммуникациялар қызметіндегі брифингте шетеуніктер нанның, сиыр еті мен майдың неліктен қымбаттағанын түсіндіріп, бағаны тұрақтандыру үшін қандай шара қолданып жатқандығын айтып берді.

«Әлеуметтік маңызы бар товарлардың жағдайына тоқталып өтейін. Жыл басынан бері сиыр етінің бағасы (14%), ұн мен жоғары сұрыпты нанның бағасы (7%) өсті. Кондитерлік өнімдер 4,4%, шай – 3,5%, басқа тауарларға да баға көтерілді.  Сондай-ақ дизель құны 12%, бензин 4,8%-ға қымбаттады. Ақылы қызмет түрлеріне келетін болсақ, қоғамдық көлікте жүру ақысы 33,6%-ға өсті», - деп мәлімдеді Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бөлімінің басшысы Жасұлан Айдрахманов.

Фото: Әсел Тұрар

Шенеунік кейбір тамақтану өнімдерінің бағасы төмендегін де айтты. Мысалы, шілдемен салыстырғанда тамызда азық-түлік бағасы 0,4%-ға  арзандаған. Қыркүйекте картоп пен қырыққабат бағасы (15%), жуа мен сәбіз (7%), қант (11%) төмендеді. Жыл басынан бері тауық жұмыртқасы 40%-ға, қарақұмық 21%,  арпа 8%-ға , сұйық май мен сары май, бидай да арзандады.

«Баға өсуінің себебіне келетін болсақ, республика бойынша барлық аймақтың бағаларын салыстырдық, тексердік, еліміздегі жағдай бізбен бірдей. Яғни, бұл тек біздің облысымызда емес, басқа өңірлерде де баға қымбатаған. Ең алдымен, бұл – тауарлардың  көтерме бағасының, акциздердің өсуімен байланысты. Сондай-ақ, жыл басынан бері жанар-жағармай материалының құны да өсіп келеді», - деп түсіндірді бөлім басшысы.

Ол бағаны ұстап тұру жұмысымен де таныстырды. Облыс әкімі 2017 жылға арналған іс-шара жоспарын бекітті. Соған сәйкес, қалалар мен аудан орталықтарында жүйелі түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп тұрады. Биыл 444 жәрмеңке өтті.

«Онда 763 млн теңгені тауары нарықтағы бағадан 20% арзан сатылды. ҚР әлеуметтік-экономикалық даму бағасының болжамы – 106-108% -ға жоспарланған еді. Бұған негізделген инфляция облысымызда тұрақты сақталады деп есептейміз», - деп қорытындылады Айдрахманов.

Фото: Әсел Тұрар

Ауылшаруашылығы басқарамасы басшысының орынбасары Димаш Таласбаев аймақта картоптың бағасын қалай ұстап отырғанын түсіндірді. Облыста 131 кәсіпорын картоп өсіреді. Ол барлық ауданда бар. Тұрғындардың өзі де қажетті картобын егіп алады. 18 мың гектардың тек 3 мыңын ауыл шаруашылығы  кәсіпорындары, ал қалған 15 мыңын ақмолалықтар өсіреді.

«Біз ОҚО мамырдан тамызға дейінгі аралыққа меморандумға қол қойдық. Ол уақытта картоп бағасы өседі. Қазір «Агротрейд Көкше», «Еңбек» секілді картоп өндіретін ірі компаниялармен де келісімге қол қойылды. Картоп бағасы өскен жағдайда олар Көкшетау нарығына картоп жеткізеді», - деп мәлімдеді Таласбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары