Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды - Жаңалықтар | BNews

Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды

06 желтоқсан, 18:04 1847 Ақмола облысы
Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды

Ақмола облысында индустрияландыру телекөпірі барысында алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz akmo.gov.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгiн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен индустрияландыру телекөпірі барысында Степногорск қаласының Ақсу елдiмекенiнде «Қазақалтын Technology» ЖШС алтын өңдеу фабрикасы iске қосылды.

Бұл ТМД елдерi арасында алғашқы болып iске қосылған, құрамында бағалы металдары бар, техногендiк минералды түзiлiстердi өңдеу кәсiпорыны.

Жобаны iске асыру арқылы жылына 7 млн тонна өнiм өңдеуге қол жеткiзедi. Бастапқы кезеңде мұнда «Доре қорытпасымен» жылына 4 тонна алтын және 2 тонна күмiс өндiрiлетiн болады.

«Қазақалтын» ТКК» АҚ құрамында алтын бар кендi байыту саласында бұрыннан жұмыс iстеп келе жатқан елiмiздегi ең байырғы кәсiпорындардың бiрi.

Жыл аяғына дейiн концерн осындай екi фабриканы Жолымбет пен Бестөбе ауылдарында iске қосады. Өндiрiс орындары пайдалануға берiлгеннен кейiн 700 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Ақмола облысының индустрияландыру картасына құны 782,5 млрд теңге болатын барлығы 90 жоба енгiзiлген. Олардың iске қосылуы 12,3 мың тұрақты жұмыс орнын ашады.

Осы жылдың 1-желтоқсанына дейiн аймақта құны 223,6 млрд теңге болатын 76 жоба пайдалануға берiлiп, 7,7 мың жұмыс орны ашылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары