Ақмола облысында ат спортынан мерекелік шара өтті - Жаңалықтар | BNews

Ақмола облысында ат спортынан мерекелік шара өтті

17 шілде, 10:42 1786 Ақмола облысы
Ақмола облысында ат спортынан мерекелік шара өтті

Ат спорты мерекесін өткізудің мақсаты – халық арасында ұлттық және халықтық ат спорт түрлерін кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Шортанды кентінің ипподромында Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған ат спортынан мерекелік шара өткізілді, деп хабарлайды BNews.kz облыстың ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ат спорты мерекесін өткізудің мақсаты – халық арасында ұлттық және халықтық ат спорт түрлерін кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды құралы ретінде, патриоттық тәрбиені және спорттық шеберлікті арттыру болып табылады. Сондай-ақ, адамның физикалық, жеке үйлесімін қалыптастыру мақсатында моральдық-еріктік және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға, спортты дәріптеуге, салт атпен жүруге көңіл бөлу. Аталған мереке "Рухани жаңғыру"  бағдарламасының аясында "Ұрпақ парызы – ұлттық құндылықты жаңғырту" инновациялық жоба ретінде ұсынылады.

Мерекелік шараның бағдарламасында көкпар, 7 шақырымға жарыс, жорға, желісті аттар жарысы, тоқ–бәйге, аламан-бәйге, аударыспақ, қыз-қуу сынды түрлері бар.

Жарысқа ауданның, Ақмола облысы қалаларының және Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген, тиісті дайындықтан өткен және дәрігердің рұқсаты бар қатысушылар ғана жіберілді.

Іс-шарада атақты қазақ балуандары Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың жалғастырушысы, волейболдан және пауэрлифтингтен спорт шебері, гір тасын көтеру спорт шеберлігіне үміткер, күш сынаудан 4 мәрте әлем рекордсмені Сергей Цырульников өнер көрсетті. Сондай-ақ, ат спортының әуесқойлары Астана қаласының ұшқыштар авиациялық оқу орталығының көрсетілімдерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Ал, жарыстың қорытындысы бойынша, жеңімпаздар аудан басшысының алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, 6 жылдан астам  ұлттық ат спорт түрлері бойынша жарыстар аудандағы басқа да спорт түрлері арасында лайықты дәстүрлі орын алып келеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары