Ақмола облысында егін орағы аяқталуға жақын - Жаңалықтар | BNews

Ақмола облысында егін орағы аяқталуға жақын

12 қыркүйек, 09:47 269 Ақмола облысы
Ақмола облысында егін орағы аяқталуға жақын

Бүгiн Ақмола облысы әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен аппарат кеңесi өттi. Онда егiн орағы науқанының барысы талқыланды. Қазір аймақта 3,3 млн гектар аймақтан бидай орылған, деп хабарлайды Вnews.kz.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы М. Балпанның айтуынша, орақ науқанына облыс бойынша 9 мыңнан астам комбайн жұмылдырылған. Бүгiнгi деректерге сәйкес, 3,3 млн алқаптан бидай орылып, қамбаға құйылған. Бұл көрсеткiш былтырғы жылдың осы маусымымен салыстырғанда 900 мың гектар алқапқа артық.

«Атап айту керек, өңiрдiң ауылшаруашылығы кешенi биыл ауылшаруашылығы өнiмдерiн диверсификациялау көрсеткiшiн арттыру бойынша АШ министрлiгiмен қол қойылған меморандумдағы барлық талаптарды орындады. Егер ауа-райы қолайлы болса, орақ науқанын уақытында аяқтаймыз»,- дедi М.Балпан.

Өз кезегiнде аймақ басшысы, ырыс дәнiн ысырап қылмай жинау үшiн нақты тапсырмалар жүктеп, келесi жылғы көктемгi дала жұмыстарына қамдана берудi жүктедi.

Жиында мұрағат қызметiнiң даму мәселелерi де талқыланды. Облыстық мұрағаттар мен құжаттар басқармасының басшысы М. Тохаеваның айтуынша, мемлекеттiк сақтау қорында бүгiнгi күнi 1 млн. 355 мың мұрағат iс сақтаулы. Оларды сақтау үшiн қауiпсiздiк жұмыстары қарқынды жүруде. Мәселен, Жарқайың мен Егiндiкөл аудандарындағы мұрағат ғимараттарында өрт қауiпсiздiгi мен күзет мәселесi оңтайлы шешiлген. Ал Бұланды, Целиноград, Бурабай аудандарында мұрағат ғимараттарының үлкейту жұмысы қолға алынып, құжаттардың сыйымдылығы қамтамасыз етiлген. Матариалдық-техникалық базаны нығайту мәселесiн шешу үшiн биыл 15 млн теңге бөлiнiп, Еңбекшiлдер мен Ерейментау аудандарында қажеттi техника сатып алынған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!