Ақмола облысында Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды - Жаңалықтар | BNews

Ақмола облысында Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды

11 қыркүйек, 14:56 353 Ақмола облысы
Ақмола облысында Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды

Ақмола облысының Степногор қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевқа еңселi ескерткiш орнатылды, деп хабарлайды Вnews.kz.

Оның ашылу салтанатына елiмiздiң танымал тұлғалары, геологтар мен ғалымның ұрпақтары қатысты. Қаныш Имантайұлының жас шағы бейнеленген қола мүсiннiң биiктiгi, тұғырымен қосқанда, 8 метрдей.

Туындының авторы — Қазақстан суретшiлер одағының мүшесi, мүсiншi Азат Баярлин. Айта кетейiк, ғұлама ғалымға елiмiздiң және Ресейдiң бiрқатар қаласында да ескерткiш қойылған.

«Қарағанды, Сәтбаев, Жезқазған және Екiбастұз секiлдi өнеркәсiптiк қалалардың барлығын да атамызға ескерткiш орнатылған. Ендi, мiне, өңiрдiң бiрден-бiр өндiрiстiк шаһары саналатын Степногорда да осындай монумент бой көтердi. Бұл бiздi қатты қуантады. Елiмiздiң индустриялық дамуы атамның арманы болатын»,- Қаныш Сәтбаевтың немересi Әлима Жармағамбетова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары