Ақмола облысында кезегі келмеген тұрғындар пәтер алған

12 Октября, 2017, 11:13 1653
Ақмола облысында кезегі келмеген тұрғындар пәтер алған |  | BNews.kz

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының әкімі Асқар Қиықовқа тұрғын үй заңнамасын бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. 

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының әкімі Асқар Қиықов тұрғын үй заңнамасын бұзғаны үшін, атап өтер болсақ пәтерлер кезектің бұзылуымен таратылғандықтан қатаң сөгіс алды. Ол өз қызметін асыра пайдаланған. Бұл туралы облыс әкімдігінің кезекті кадрлық комиссиясы отырысының барысында белгілі болды.  

Отырыс барысында тұрғын үй және кадрлық саясат саласындағы лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты мәселелер қарастырылды. Әңгіме тәртіптік жауапкершіліктің бұзылуы, яғни Еңбекшілдер ауданының әкімі Асқар Қиықовтың жоғарыда аталған салада қызметіне салғырт қарағандығы туралы болып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Қанат Шөкеновтің сөзіне қарағанда, Степняк қаласындағы 21 пәтерлі тұрғын үй пәтерлерін таратқанда кезек бұзушылыққа жол берілген. Тұрғын үй заңнамасының бұзылуын жұмыс тобы тексеріс барысында анықтаған.

 «Тұрғын үй заңнамасының бұзылуы Еңбекшілдер ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Мешелов төрағалық еткен тұрғын үй комиссиясы нашар жұмыс атқаруының салдарынан болған. Айта кетейік, ол қазіргі кезде өз қызметінен босатылған», - деп мәлімдеді Қанат Шөкенов.

Отырыс қорытындысы бойынша кадрлық комиссия Асқар Қиықовқа қатаң сөгіс жариялау туралы шешім қабылдады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13853

Похожие новости