Ақмола облысында өртенген автобустан 25 адам эвакуацияланды - Жаңалықтар | BNews

Ақмола облысында өртенген автобустан 25 адам эвакуацияланды

14 сәуір, 12:08 2818 Ақмола облысы
Ақмола облысында өртенген автобустан 25 адам эвакуацияланды

Оқиға 13 сәуір күні сағат 23.00-де Көкшетау қаласына кіреберіс жолда орын алған.

Ақмола облысының тас жолында жана бастаған автобустан 25 жолаушы эвакуацияланды. Ақмола облысы ІІД-де хабарлағандай, "Көкше - Цемент" АҚ-ға тиесілі автобус Біржан Сал ауданынан жұмысшыларды алып, кері қайтып келе жатқан. 

"Автобус ішінде 25 жолаушы мен жүргізуші болған. Жол-көлік батальонының қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялап, тиісті шаралар қабылдаған", - делінген таратылған хабарламада.  

Дер кезінде жасалған іс-әрекеттің арқасында өрт ауыздықталып, жолаушылар зардап шеккен жоқ. Алдын-ала болжам бойынша өрттің шығуына электрсымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Тексеру жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

`