Ақмола облысында өзін өртеген ағасын құтқармақ болған жасөспірім жан сақтау бөлмесіне түсті

13 шілде, 2018, 15:24 2647 Ақмола облысы
Ақмола облысында өзін өртеген ағасын құтқармақ болған жасөспірім жан сақтау бөлмесіне түсті

Ақмола облысында 16 жасар жасөспірім 24 жастағы ағасын суицидтен құтқаруға тырысты, қазір екеуі де жан сақтау бөлмесінде.

Ақмолалық дәрігерлер ағалы-інілілердің өмірін сақтап қалуға бар күшін салып жатыр. Ағайындылардың бірі өзіне бензин құйып, суицид жасауға тырысты. Жан сақтау бөлімінде жатқан екі пациенттің де жағдайы өте ауыр халде, деп хабарлайды BNews.kz.   

Дәрігерлердің сөзінше, қайғылы оқиға бүгін түнде Ақмола облысы Макинск қаласында болды. 24 жасар ер адамның өзіне-өзі қол салмақ болғаны белгілі болды. Ол өзіне бензин құып, өртеп жіберген. Оны өзінен кіші кәмелеттік жасқа толмаған інісі құтқаруға тырысқан. 16 жастағы жасөспірім көмектеспек болып ағасына қарай жүгірген және өзі де отқа оранған.

Ағайынды екі жігіт те Бұланды аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Түні бойы, сондай-ақ қазіргі уақытта да жан сақтау бөлімінің дәрігерлері пациенттердің жанын аман алып қалуға тырысып жатыр. Медицина қызметкерлері олардың жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.

"Түні бойы олардың өмірін сақтап қалуға барымызды салдық. Үлкен ағасының денесінің 80%-ын күйік шалған, ал кішісінің – 50%. Күйік шалу дәрежесі өте күрделі. Олардың жағдайлары өте ауыр, пациенттер ессіз халде жатыр. Қазір ешқандай алдын ала болжам жасай алмаймын. Зардап шеккендер үшін ең ауыр алғашқы тәулік өтіп жатыр", - деді Бұланды аудандық орталық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Юрий Рылов. 

Дәрігер науқастардың тек аудандық мамандардың ғана емес, сондай-ақ облыстық мамандардың да бақылауында екенін атап өтті.

"Әрине, оларды басқа ауруханаға тасымалдау мүмкін емес. Біз облыстағы мамандардан консультация алдық. Барлық қажетті дәрі-дәрмектер бар", - деді жан сақтау бөлімінің меңгерушісі.

Айта кеткейік, бұл ер адамның өзіне-өзі алғашқы рет қол жұмсауы емес. Ол бұған дейін де суицид жасауға талпынған. Пациенттің жақындары оның не себепті өзін өлтірмек болғанын білмей отыр. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар