Ақмола облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

24 шілде, 2018, 17:45 1736 Ақмола облысы
Ақмола облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Біржан сал ауданының Уәлихан ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылу рәсімі өтті.

Бұл Уәлихан, Еңбекшілдер мен Ақсу ауылдық округтеріндегі 8 бекетті қорғауды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды BNews.kz Өңірлік коммуникациялар қызметінің ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы қауіпсіздікті арттырады, елді мекендерде және далалық массивтерде өртті тез ауыздықтап, өрттен зардап шеккендердің санын және одан келер зиянды азайтады.

Бекетте арнайы жылытылатын бөлме, демалыс және тамақтану бөлмелері, арнайы жабдықты орналастыруға арналған бөлмелер бар. ЗИЛ-130 базасында АЦ-40 өрт сөндіру көлігі өртке қарсы қажетті жабдықпен жабдықталған. Бекеттегі қызметкерлер саны 4 адамды құрайды. 

"Халықтың қауіпсіздігі бірінші кезекте. Сондықтан, жергілікті атқарушы органдар, Біржан сал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі адамдардың өмірі мен мүлкін өрттен қорғау үшін барлық жағдайды жасайды", - деді өз сөзінде аудан басшысы Ермек Нұғыманов.   

Төтенше жағдайлар департаменте өрт сөндіру бекетінің ашылуы аудан үшін маңызды оқиға екені атап өтілді.

Аталған бекеттің ашылуына орай аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырған. Іс-шара соңында ауыл тұрғындары алдағы мақсаттарды жүзеге асыруда бірлесе еңбек етуге шақырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар