Ақмола облысындағы мектепке гуманитарлық білімнің ең үздік оқулықтары табысталды

31 шілде, 2018, 10:27 1870 Ақмола облысы
Ақмола облысындағы мектепке гуманитарлық білімнің ең үздік оқулықтары табысталды

Осыған орай, Жақсы ауданында салтанатты түрде іс-шара өтті. 

Ақмола облысының Жақсы ауданында "100 жаңа оқулық" арнайы жобасының аясында қазақ тіліне аударылған 18 оқулықты салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің тарихи мақаласында: "Алдағы жылдары гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша қазақ тіліне әлемнің үздік 100 оқулықтарын аударып, біздің жастарымызды әлемнің үздік үлгілерінен үйренуге мүмкіндік беру қажет. 2018-2019 оқу жылында біз өз оқушыларымызды осы оқулықтар бойынша оқытуға кірісуіміз керек", - деген еді.

Ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, осы орайда, №2 орта мектептің "Рухани жаңғыру" кабинетінде "100 жаңа оқулық" жобасы аясында Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Малғаждаровқа Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шүкеева алғаш қазақ тіліне аударылған 18 оқулықты салтанатты түрде табыстады.

Іс-шараға аудан қоғамының өкілдері, облыстық және аудандық мемлекеттік органдардың өкілдері, Өңірлік жобалау басқармасының қызметкерлері қатысты. Аталған шара аясында "Өнерлі қол - бақытқа жол" қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Жақсы ауданы облыс бойынша, бірінші болып "Рухани жаңғыру" мамандандырылған кабинетін ашқан. Сондай-ақ, ауданның балалары үкіметтік емес ұйымдардың саммитінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде балалар басшылығының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін гран-при жеңімпаздары атанған. Сондықтан, жобаларды басқару басқармасының Республикалық орталық офисі гуманитарлық ғылымдар бойынша оқулықтардың жиынтығын алғаш болып аталған мектепке ұсынуды жөн көрді.

Бүгінде №2 аудандық мектебінің базасында орналасқан офис көптеген іс – шаралар  мен кездесулердің алаңына айналған.

Еске сала кетейік, осыған дейін республика бойынша жоғарығы оқу орындары мен орта білім мекемелерінде "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясындағы алғашқы 18 кітап таныстырылғаны туралы хабарлағанбыз. Мысалы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде де ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясындағы "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы бойынша "Ұлттық аударма бюросынан" аударылған 18 оқулықты таныстыру рәсімі өтті.

Шара барысында университет ректоры Болатбек Әбдірәсілов Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасының мәні өте зор екендігін айтып, алдағы уақытта біздің жастарымыз әлемдегі ең үздік оқулықтардан білім алатынын жеткізді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: