Ақмола облысының әкімдігі мен «БЖЗҚ» меморандумға қол қойды - Жаңалықтар | BNews

Ақмола облысының әкімдігі мен «БЖЗҚ» меморандумға қол қойды

05 қазан, 2017, 14:16 1917 Ақмола облысы
Ақмола облысының әкімдігі мен «БЖЗҚ» меморандумға қол қойды

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин мен «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқармасының төрайымы Нұрбибi Наурызбаева өзара ынтымақты жұмыс туралы меморандумға қол қойды.

Шараға аймақ басшысы мен қаржы мекемелерiнiң басшылары қатысты. Облыс әкiмi екiжақты меморандум ұзақ мерзiмдi, жемiстi жұмыс iстеуге негiз болатынына сенiм бiлдiрiп, зейнетақы қоры туралы ақпараттандыру бағытында бiраз шаруалар атқарылып жатқанын, әлi де назар аударатын мәселелер бар екендiгiн атап өттi. «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы құрылғанына жиырма жыл толған зейнетақы жинақтау қорының осы кезең iшiнде көптеген қиындықты жеңе отырып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзгендiгiн, бүгiнгi күнi жинақталған қор көлемi жалпы iшкi өнiмнiң 15 пайызын құрайтынын айтты. Дегенмен де, барлық кәсiпорын мен мекеме жинақтаушы қорға ақша аудара бермейдi. Бұның өзi адамдардың зейнетақысына елеулi әсерiн тигiзедi.

«Облыс әкiмдiгiмен жасалған меморандум осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға игi ықпалын тигiзедi деп сенемiн», - дедi «БЖЗҚ» АҚ басқармасының төрайымы.

Зейнетақы жинақтаушы қорының қазiргi жай-жапсары туралы бейнебаян көрсетiлiп, онда елiмiздегi және облысымыздағы зейнетақы қорына ақша аудару жайында жан-жақты мәлiметтер қамтылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!