Ақмола облысының әкімі Фейсбукте жеке парақшасын ашты - Жаңалықтар | BNews

Ақмола облысының әкімі Фейсбукте жеке парақшасын ашты

11 қараша, 10:11 845 Ақмола облысы
Ақмола облысының әкімі Фейсбукте жеке парақшасын ашты

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин өңiр тұрғындарына атқарылған жұмыстар жөнiнде баяндап, олардың пiкiрлерiне құлақ асу мақсатында Фейсбук желiсiнде парақша ашты.

Өңiр басшысы Фейсбук әлеуметтік желісінде парақша ашу ең алдымен жұмыс бабымен қажеттiлiк туғызғанын айтты.

«Құрметтi достар! Facebook-те өз парақшамды ашу ең алдымен жұмыс бабымен қажеттiлiк туғызды. Ақпараттық ашықтық өңiр тұрғындарына Ақмола облысындағы мемлекеттiк органдарда атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар болумен қатар, өз пiкiрлерiн айтуға да мүмкiндiк бередi», - деп мәлiмдедi Мәлік Мырзалин.

Сонымен бiрге, әкiм Ақмола облысының Астана iргесiндегi ең iрi ауылшаруашылығы аймағы екенiн атап өттi. Елбасының Астана қаласының азық-түлiкпен қамту белдеуiн одан әрi дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бүгiн Астанада «AQMOL» — атты сауда желiсiнiң алғашқы дүкенi ашылатынын хабарлады.

«Астана тұрғындары мен қонақтарын 2017 жылдың 11 қарашасында «Нұр Аспан» тұрғын үй кешенiндегi «AQMOL» дүкенiнде күтемiз! Мұнда сiздер үшiн сапалы әрi қолжетiмдi бағамен ет, сүт, нан өнiмдерi сатылатын болады. Алғашында Астанада бұл жобаның үш сауда желiсi ашылады, кейiнiрек дүкендер санын онға дейiн арттыру көзделген», - деп өз сөзiн толықтырды М.Мырзалин.

Өңiр басшысының айтуынша, бастапқыда «AQMOL» сауда желiсiнде «Агрофирма «Родина», ЖШС, «Ижевский», КК, «Астана Агро Продукт», «CAPITAL PROJECTS LTD», «Гормолзавод», «Торговый Дом «Айна» сияқты танымал ақмолалық кәсiпорын тауарлары қолжетiмдi бағамен сатылмақ.

Осыған дейін «AQMOL» сауда желісінің алғашқысын «Есіл» кәсіпкерлік корпорациясы ашатынын хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар