Ақмола облысының депутаттары облыстық бюджетке енгізілген өзгерістерді қолдады - Жаңалықтар | BNews

Ақмола облысының депутаттары облыстық бюджетке енгізілген өзгерістерді қолдады

16 наурыз, 18:32 3659 Ақмола облысы
Ақмола облысының депутаттары облыстық бюджетке енгізілген өзгерістерді қолдады

Бүгін Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен облыстық мәслихаттың он тоғызыншы кезектi сессиясы өттi, деп хабарлайды BNews.kz Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен облыстық мәслихаттың он тоғызыншы кезектi сессиясы өттi. Жиын барысында депутаттар облыстық бюджетке енгізілген өзгерістерді қолдады.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин депутаттық корпустың қызметi туралы есебiнде өкiлдi орган мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру, облыстық бюджеттi қалыптастыру және атқару, мал шаруашылығын дамыту, қоршаған ортаны қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және басқа да мәселелер бойынша өзектi мәселелердi қарағаны жөнiнде хабардар еттi. Облыстық мәслихаттың депутаттары 2017 жыл iшiнде сайлаушылармен 400-ден астам кездесу өткiздi, 700-ге жуық азаматты қабылдады және 600-ге жуық жазбаша өтiнiштердi қарады.

Отырыс барысында депутаттар 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстердi бiрауыздан қолдады, ол туралы экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының бастығы Бауыржан Малғаждаров ақпарат бердi. Аталған түзетулер жылыту маусымының аяқталуына, сумен жабдықтау мен тұрғын үй құрылысы объектiлерiн дамытуға, қоршаған ортаны қорғау iс-шараларына және басқаларға бағытталған.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова депутаттарға "Денсаулық" мемлекеттiк бағдарламасы аясында аймақтың денсаулық сақтау саласын жақсарту бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың нәтижелерi туралы хабардар еттi.

Күн тәртiбiне сәйкес депутаттар 25 мәселе бойынша шешiм қабылдады, оның негiзгi бөлiгi облыс әкiмдiгi жанындағы консультативтiк-кеңес органдарының құрамына енгiзiлген өзгерiстерге қатысты болды.

Ұқсас жаңалықтар