Ақмола облысының жолдарында жүздеген автокөлік боран құрсауында қалды

Написать нам
11 қаңтар, 2018, 14:39 1762 Астана
Ақмола облысының жолдарында жүздеген автокөлік боран құрсауында қалды

Қарғанды және Ақмола облысының жолдарында апатты-құтқару жұмыстары жүргізілуде. «112» пультына азаматтардан мыңдаған қоңырау түсіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облысындағы тас жолдардың жабылуы және ауа райына байланысты азаматтардан мыңдаған қоңырау түсіп жатыр деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Ақмола облысында «112» пультіне 1180 қоңырау түсті. Оның басым бөлігі ақпараттық сарындағы қоңыраулар.   

«Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Целиноград, Шортанды аудандарының жолында автокөліктердің кептелісі байқалады(100-ден астам техника). Апатты-құтқару жұмыстарына Ақмола облысының ТЖД-нің күштері жұмылдырылған. Бұл жұмыстар жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Қарғанды облысында «112» пультына 1300-ге жуық қоңырау түскен. Оның да басым бөлігі ақпарат алу мақсатымен соғылған қоңыраулар. Апатты-құтқару  жұмыстары Ұлытау, Абай, Шет аудандарында жүріп жатыр.

ТЖК хабарлағандай, таңертеңгі сағат 7.00-ден Нұрсұлтан Назарбаев  әуежайында барлық әуе рейстері кешіктірілген. 

«Апатты-құтқару жұмыстарында Астана қаласының ТЖД барлық күші мен техникасы жұмылдырылған. Апатты-құтқару жұмыстары жалғасуда», - деп атап өтті Иманқұлов.

Сондай-ақ Астанада қоғамдық көліктің кестесі мен бағыты өзгерді. Бұл туралы Facebook-тегі өз парақшасында Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева хабарлады.

«Құрметті қала тұрғындары! Табиғат жағдайларына байланысты, бүгін 2018-ші жылдың 11-ші қаңтар күні қоғамдық көліктердің жүру бағыты мен кестесіне  өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты жедел ақпаратты  #автобусвнепогоду #движениевбуран #непогода_лрт #АстанаLRT хэштегтері бойынша таба аласыздар», - деп жазды ол Facebook-тегі өз парақшасында.

Қоғамдық көліктердің кестесі туралы ақпаратпен  Астана ЛРТ-нің Facebook-тегі парақшасында таныса аласыздар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар