Ақмолада "Балқадиша" мүсіні ашылды - Жаңалықтар | BNews

Ақмолада "Балқадиша" мүсіні ашылды

10 қазан, 10:56 1065 Ақмола облысы
Ақмолада

«Туған жер» арнайы жобасының аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстағы ең танымал тарихи ескерткіштерді жарықтандыру жалғастырып жатыр. 

Балқадиша Ыбырайқызы – Зеренді ауданына қарасты, Кеңөткел елді мекенінің тумасы. Оның ән кейіпкеріне айналуы да тегіннен емес.  Көңіл-қошы болмай күйзелісте жүрген Ақан сері ел аралап жүріп, той үстінде Балқадишаны кездестіреді. Өзге жігітке атастырылып қойған ару осылайша Ақанның  жүрегін жаулап алады. Қызға деген қимастық сезімінен Балқадиша әні өмірге келген екен. 

Мүсіннің ашылу салтанатында ауданның атқамінерлері бұл шара бүгінгі ұрпаққа мұра болып қалатындығын жеткізді. Жалпы, тас тұғырдың  биіктігі – 4,2 метр. Салмағы – 6 тонна.  Жоба авторы – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Юрий Попов.

Балқадиша әнін  сонау 1925 жылы Әміре Қашаубаев Париж қаласында өткен дүниежүзілік фестивальде шырқап, жүлделі орын алғаны белгілі. 

«Ән кейіпкерінің әдемілігін, ақылдылығын дәріптеу арқылы күллі қазақ қызына үлгі ету басты мақсатымыз», - дейді мүсін авторы. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары