Ақордаға латын тіліндегі QAZAQSTAN жазуы бар Елтаңба ілінді

Написать нам
07 қараша, 2018, 11:26 2640 Астана
Ақордаға латын тіліндегі QAZAQSTAN жазуы бар Елтаңба ілінді

QAZAQSTAN жазуы бар Елтаңба Парламент пен ҚР Үкіметінің ғимаратында да пайда болды.

Еліміздің атауы латын қаріптерімен QAZAQSTAN деп жазылған. Бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қарашасында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" заңына сәйкес күшіне енді, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, жаңартылған Елтаңба Парламент пен ҚР Үкіметінің ғимаратында да пайда болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 12 қыркүйегінде Ғылыми техникалық комиссияның отырысы өтіп, мемлекеттік Елтаңбаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Елтаңбадағы "Қазақстан" сөзі латын қарпінде "QAZAQSTAN" болып өзгертілді. Бұл Елтаңбаға енгізілген алғашқы өзгеріс емес. Бұдан бұрын 2017 жылы пантон түсі халықаралық Lab түс гаммасына ауыстырылған еді.

Өзгерістер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақ әліпбиін кириллицадан латын қаріпіне көшіру туралы" Жарлығына сәйкес жасақталды.

Еліміздің Елтаңбасы 1992 жылы қабылданды. Авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шот - Аман Уалиханов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар