Ақорданың Telegram-арнасы пайда болды - Жаңалықтар | BNews

Ақорданың Telegram-арнасы пайда болды

13 ақпан, 10:44 732 Астана
Ақорданың Telegram-арнасы пайда болды

Алдағы уақытта арнаның қызметін кеңейту жоспарда бар. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі Telegram-арнасын іске қосты. 12 ақпаннан бастап желі қолданушылары үшін @AkordaPress Telegram-арнасы жұмысын бастады, деп хабарлайды BNews.kz. 

"@AkordaPress Telegram-арнасы іске қосылды. Сол арқылы Akorda.kz сайтында жарияланатын соңғы ақпаратқа жазыла аласыз. Алдағы уақытта арнаның қызметін кеңейту жоспарда бар", - делінген Ақорданың  Facebook-тегі ресми парақшасында. 

Сондай-ақ, Facebook желісіндегі AkordaBaspasoz парақшасының жұмысы тоқтайды. Енді жаңалықтар мен басқа да материалдар қазақ және орыс тілдерінде AkordaPress парақшасында жарияланатын болады. 

Бұдан бөлек, AkordaPress Twitter-арнасы қазақ, орыс тілдерімен бірге, ағылшын тілінде де хабарлама таратады. 
Мемлекет басшысының қызметі жөніндегі ресми ақпаратты AkordaPress ресми аккаунттары мен Akorda.kz сайтынан таба аласыз.

"Instagram және YouTube әлеуметтік желілерінде ақпараттық және қызықты контентті көбейтуді жалғастыратын боламыз", - делінген ақпаратта. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары