Байқоңырда ақпараттық-насихаттық топ Елбасы Жолдауын талқылады

20 қазан, 2018, 11:53 893 Қызылорда облысы
Байқоңырда ақпараттық-насихаттық топ Елбасы Жолдауын талқылады

Кездесуге Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар өкілдері бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Байқоңыр қаласында орналасқан №227 орта мектебінің мәжіліс залында облыстық ақпараттық төртінші топ мүшелерінің Байқоңыр қаласы тұрғындарымен кездесу жиыны өтіп, ақпараттық-насихаттық топ Елбасы Жолдауын талқылады, деп хабарлайды BNews.kz.

Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы" басшысының міндетін атқарушы Ә.Қорғанбаев жүргізді.

Кездесуге Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар өкілдері бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Кездесу барысында облыстық ақпараттық төртінші топ мүшелері Қызылорда облысының білім басқармасының "М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Бахытжан Сайлыбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, облыстық мәслихат депутаты Кенжебек Үйреков, "Нұр Отан" партиясының Байқоңыр қаласындағы филиал төрағасының орынбасары Бақытбек Бекпанов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Қазақстан халқына Жолдауын, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттау мақсатында сөз сөйледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар