АҚШ елшілігінің пресс-атташесі қазақша ән айтып, әйелдер қауымын 8 наурызбен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

АҚШ елшілігінің пресс-атташесі қазақша ән айтып, әйелдер қауымын 8 наурызбен құттықтады

08 наурыз, 2018, 20:18 682 Астана
АҚШ елшілігінің пресс-атташесі қазақша ән айтып, әйелдер қауымын 8 наурызбен құттықтады

Рэн Эльхай "Алтыным" әнін орындады.

АҚШ елшілігінің Қазақстандағы пресс-атташесі Рэн Эльхай қазақ тілінде Айқын Төлепбергеннің "Алтыным" әнін орындаған бейнежазбасын әлеуметтік желідегі өзінің Іnstagram парақшасына салды.

 

Публикация от Wren Elhai (@wrenelhai)

Сондай-ақ, ол қазақ тілінде құттықтау сөзін жазды.

"Құрметті ханымдар, халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Армандарыңыз орындалсын!", - деп жазды дипломат.

Дипломат айтқан әнін АҚШ елшілігінде өзімен бірге еңбек етіп жүрген ұжымына арнайтынын атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар