АҚШ пен Қазақстан мәдени мұраны сақтау туралы меморандумға қол қойды

11 қазан, 2018, 18:59 3041 Астана
АҚШ пен Қазақстан мәдени мұраны сақтау туралы меморандумға қол қойды

Меморандум АҚШ-тың және Қазақстанның аумағында тұратын немесе өмір сүрген барлық ұлттық, діни және этникалық топтардың, сонымен қатар Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі геноцид құрбандарының мұраларын сақтау бойынша бірлесе атқарылатын істің бастамасы болмақ.

Америка Құрама Штаттарының шетелдегі Американдық мұраны сақтау жөніндегі Комиссиясының төрағасы Пол Пакер және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстандағы мәдени мұраны сақтау туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Меморандум Америка Құрама Штаттарының және Қазақстанның аумағында тұратын немесе өмір сүрген барлық ұлттық, діни және этникалық топтардың, сонымен қатар Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі геноцид құрбандарының мұраларын сақтау бойынша бірлесе атқарылатын істің бастамасы болмақ.

Бұл меморандум мәдени мұраны сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізі болады және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтады. Пол Паркер құжаттың маңыздылығына тоқталды.

"Болашақ ұрпақтарымыз үшін мұраны және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну қабілетін сақтауды көздеген ортақ ұмтылысымызда бірлесе аламыз деп сенемін", - деді ол.

АҚШ-тың шетелдегі Американдық мұраны сақтау жөніндегі Комиссиясының төрағасы Пол Пакер алғаш рет Қазақстанға Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезіне қатысу үшін келді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар