АҚШ-та болған атыстан 17 адам қаза тапты - Жаңалықтар | BNews

АҚШ-та болған атыстан 17 адам қаза тапты

15 ақпан, 11:35 1098
АҚШ-та болған атыстан 17 адам қаза тапты

Ер адам алдымен көшедегі адамдарға оқ атып, сосын мектепке шабуыл жасаған.

АҚШ-тағы орта мектепте атыс болды, салдарынан 17 адам мерт болып, бірнешеуі жарақаттанды, деп хабарлайды BNews.kz Русская служба BBC-ге сілтеме жасап.

Төтенше оқиға Флорида шататындағы Паркленд қалашығында орын алған.

Қайтыс болғандар туралы соңғы мәліметті жергілікті шериф кеңсесі жариялады.

"17 адам қайтыс болды. Өте өкінішті", - деп жазды шериф Скотт Израел "Твиттередегі" - дегі парақшасында.

Алдымен қаскөй көшеде оқ атып, үш адамды өлтірді. Сосын мектеп қабырғасына кіріп тағы 12 адамды атып тастады. Тағы екі адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.

Шерифтің айтуынша қайтыс болғандар арасында мектеп оқушыларымен қатар, ересектер де бар. Алайда олардың қайсы мұғалім, қайсы ата-ана екені әзірге белгісіз.

Қайтыс болғандардың барлығы әлі танылып біткен жоқ. Белгілісі қаскөйдің қолынан мерт болғандар арасында жергілікті футбол командасының жаттықтырушысы бар.   

Американдық БАҚ-өкілдері 17 адамның өмірін қиған осы мектептің бұрыңғы оқушысы 19 жасар Николас Круз екенін хабарлады. Шериф қылмыскердің тұтқындалғанын растады.

Жалпы ауруханаға барлығы 17 адам түсті, олардың екеуі қайтыс болды, тағы үшеуі ауыр жағдайда.

Оқ атқан Николас Крузға да аруханада алғашқы көмек көрсетіліп, сосын ол қайта полиция қолына тапсырылды.

USA Today-дың хабарлауынша, оқ атушының аты полицияға белгілі болған. Өйткені ол "резервтегі жастарды дайындау федералды бағдарламасының мүшесі" болған. Мектептен Крузды кезінде "тәртіпті бұзғаны" үшін шығарып жіберген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары