АҚШ-тан келген еріктілер Қарағанды облысының балаларына ағылшын тілін үйретеді

25 қазан, 2018, 18:19 3029 Қарағанды облысы
АҚШ-тан келген еріктілер Қарағанды облысының балаларына ағылшын тілін үйретеді

Екі ай аралығында бес жүзден астам ауылдық балалар мен ұстаздар күн сайын сөйлесу клубтарында тілдік тәжірибеден өтеді.

Қарағанды облысы "Жас Отан" жастар қанаты мен "Болашақ" Қауымдастығымен бірігіп жүзеге асырып жатқан "English for Jastar" жобасына қатысады. Шараға ірі отандық және халықаралық ұйымдар серіктес болды, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың алты ауылдық мектебінде 12 ерікті жұмыс істеп, олар балаларға ағылшын тілін үйретіп жатыр. Еріктілердің екеуі сол тіл иегерлері болып табылады. Гарвардтан келген Кеннет Палмер Осакаров ауданының балаларымен жұмыс істеуде. Ал Нью-Йорктен келген Мириам Гринфилд Нұра ауданының оқушыларын оқытуда. 

Қалған 10 ерікті қарағандылық ЖОО-ның үздік студенттері арасынан таңдап алынды. 

"Екі ай аралығында бес жүзден астам ауылдық балалар мен ұстаздар күн сайын сөйлесу клубтарында тілдік тәжірибеден өтеді. Бұрын-соңды ондай болған емес. Ауыл балалары алғаш рет шетелдіктердің өзінен тікелей дәріс алуда", - деді Қарағанды облысының әкімі, "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының төрағасы Ерлан Қошанов. 

Жобаның мақсаты – ауылда ағылшын тілін енгізіп қана қоймай, ауыл жастарын бәсекеге қабілетті ете білу. 

"Бізге ағылшын тілді сайттардан өздеріне қажетті ақпаратты, өз бетінше өнімдерін өткізе алатын нарықты іздеп, таба алатын, жаңа технологияларды енгізетін, әлемді шарлайтын ақылды мамандар, алға жылжыған аргарийлер керек", - деді Ерлан Қошанов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар