Ақтау қаласы келешекте қазақстандық Анталияға айналады – Назарбаев

11 тамыз, 2018, 16:53 2871 Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы келешекте қазақстандық Анталияға айналады – Назарбаев

Мемлекет басшысы "Tree of life" демалыс орнын аралап көрді.

Елбасы "Tree of life" демалыс орнын аралап көріп, жағажайы, бассейнді аквапаркі және қонақ үй кешені бар демалыс орнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев туристермен әңгімелесу барысында Каспий шипажайларында демалудың артықшылықтарын, соның ішінде бағаның қол жетімділігін, суға шомылу маусымының ұзақтығын, Ақтау қаласы инфрақұрылымының жақындығын, қонақ үй санының көптігін атап өтті.

"Мен бұған дейін Алакөлде, Балқашта, Бурабайда болдым. Бұл демалыс аймағы отандық туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Біз осы саланы ілгерілетуді жоспарлап отырмыз. Ақтау қаласы келешекте Қазақстанның Анталиясына айналатын болады", – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бір маусымда 140 мыңға жуық адамды қабылдауға мүмкіндігі бар демалыс аймағы 5,7 гектарды қамтиды. Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Туристік нысанға тартылған инвестицияның жалпы көлемі – 485,2 миллион теңге.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар