Ақтауда қоқыс жәшігінен мәйіт табылды

28 шілде, 2018, 16:27 2687 Маңғыстау облысы
Ақтауда қоқыс жәшігінен мәйіт табылды

Полиция қызметкерлері "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Бүгін, яғни 28 шілде күні Ақтаудағы 28-ықшамауданда орналасқан қоқыс жәшіктерінің бірінен мәйіт табылды, сондай-ақ аталған қылмыстық істі жасады деген күдікпен ер адам қолға түсті. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, адам денесі 28-ықшамаудандағы 15-үйдің маңындағы қоқыс жәшігінен шамамен сағат 08:35-те табылды.

"Жедел-тергеу шаралары барысында зардап шегушінің аты-жөні анықталды. Бір сағаттың ішінде ізін суытпай кісі өлтірді деген күдікті ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментінде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар